Жапонияда кезектен тыс парламент сайлауы өтуде, алайда елдегі саяси додаға қалың жауған қар кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл – елде соңғы екі жылда өтіп жатқан екінші сайлау. Оны қаңтар айында премьер-министр Санаэ Такаити тағайындаған болатын. Ол парламентті таратқан кезде қызметіне кіріскеніне небәрі үш ай болған еді.
Жапонияның тұңғыш әйел премьер-министрі бұл қадамға биліктегі Либералды-демократиялық партияның онсыз да төмен танымалдығын көтеріп, саяси позициясын күшейту үшін барды.
Reuters агенттігінің жазуынша, сауалнама нәтижелері Такаити басқаратын консервативті коалицияның жақсы нәтижеге қол жеткізетінін көрсеткен. Алайда, сайлаушылардың белсенділігіне қалың қардың жаууы кері әсер етуі ықтимал. Тіпті Токионың өзінде биыл алғаш рет қар жауып тұр.
Фото: Ким Юн-Хун/REUTERS




