Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жақсылық жасаймын деп жазаланды - СҚО тұрғыны 196 мың теңге айыппұл төлейді

СҚО-да су тасқынынан қорғайтын дамбаны бекітуге қаппен топырақ тасып, үлкендерге көмектескен баланың әкесі қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды Todayinfo Zakon -ға сілтеме жасап. Тепличное ауылында дамбаны күшейту жұмыстары кезінде 10 жасар ұлына квадроцикл жүргізуге рұқсат б

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Жақсылық жасаймын деп жазаланды - СҚО тұрғыны 196 мың теңге айыппұл төлейді
СҚО-да су тасқынынан қорғайтын дамбаны бекітуге қаппен топырақ тасып, үлкендерге көмектескен баланың әкесі қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды Todayinfo Zakon-ға сілтеме жасап. Тепличное ауылында дамбаны күшейту жұмыстары кезінде 10 жасар ұлына квадроцикл жүргізуге рұқсат берген әкеге 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұған дейін әкімдік туған ауылына қамқорлық танытқан баланы видеоға түсіріп, көпке үлгі еткен. Кадрларда баланың техникамен қап тасып жүргені байқалады. Жергілікті билік отбасының белсенділігін жоғары бағаласа, әлеуметтік желі қолданушылары баланың жүргізуші куәлігі жоқ екенін алға тартып, бұл әрекеттің заңдылығына күмән келтірген. Полиция басқармасы көлік құралын жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға беру – заңбұзушылық екенін еске салды. Бұл үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 196 600 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Енді баланың әкесі осы соманы төлеуі тиіс. Құзырлы орган су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік техникасын және заң талаптарын қатаң сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Фото: скрин

Ұқсас материалдар