Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жас қыздың қайтыс болған әпкесінің тырнағын өшіріп жатқан видео көпшілікті тебірентті

Әлеуметтік желіде қайтыс болған сіңілісінің тырнағындағы маникюрді өшіріп жатқан әпкенің әрекеті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Видеода арнайы құрылғының көмегімен қыздың тырнағын өңдеп жатқан сәт бейнеленген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қ

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Жас қыздың қайтыс болған әпкесінің тырнағын өшіріп жатқан видео көпшілікті тебірентті
Әлеуметтік желіде қайтыс болған сіңілісінің тырнағындағы маникюрді өшіріп жатқан әпкенің әрекеті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Видеода арнайы құрылғының көмегімен қыздың тырнағын өңдеп жатқан сәт бейнеленген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Видео көпшіліктің көңілін босатып, кей оқырмандар дүниеден өту мен жерлеу рәсімдеріне қатысты салт-дәстүрлерді еске алды. Жазылған пікірлер арасында: – «Жас қыз өлемін деп ойламайды ғой», – «25-тен ассам да маникюр, кірпік жасатудан қорқамын», – «Менің де сіңілім қайтыс болғанда дәл осылай тырнағын өшіргенбіз», – «Алла қалай жаратса, солай кету керек», – «Кірпікті шауып тастау керек», – «Кірпік істеткем, Құдай кешірсін», – деген пікірлер жиі кездеседі. Бұл жағдай қоғамда дәстүрлі ислам талаптары мен заманауи сұлулық стандарттарының үйлеспеушілігіне қатысты пікірталас туындатты. Дін мамандарының айтуынша, қайтыс болған адамды табиғи күйінде жерлеу – ислам талаптарына сай. Сондықтан тырнақ, кірпік, шаш сынды өзгерістерді қалпына келтіру кей өңірлерде қалыптасқан дәстүрге айналған.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АРЕСТ~ГРАФИК~КРЕДИТ~БАНКРОТТЫҚ~ОБНАЛИЧКА (@mariyash.uvd.arest)

Ұқсас материалдар

Жас қыздың қайтыс болған әпкесінің тырнағын өшіріп жатқан видео көпшілікті тебірентті · Todayinfo