Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Жасанды интеллект мектептерге: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жасанды интеллект мектептерге: Тоқаев жарлыққа қол қойды
📷 Дереккөз: forbes.kz

Жасанды интеллект Қазақстан мектептеріне енгізіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 мамырда Ақорда хабарлағандай, «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллекттің жедел дамуы жағдайында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ адами капиталдың негізгі элементі ретінде заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасау делінген хабарламада.

2026 жылдың 1 шілдесіне дейін үкімет орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті кеңінен енгізуге арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс. Ол 2026-2029 жылдарға есептелген және құруды қамтиды.

Ұқсас материалдар

Жасанды интеллект мектептерге: Тоқаев жарлыққа қол қойды · Todayinfo