Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жастарға арналған 3 млн теңгелік грантқа өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. 2026 жылы республикалық деңгейде әрқ

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Жастарға арналған 3 млн теңгелік грантқа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. 2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады. Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
  • «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  • «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
  • «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
  • «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  • «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
  • «Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде): Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
  • 2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
  • Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
  • 3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
  • Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
  • Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

Ұқсас материалдар

Жастарға арналған 3 млн теңгелік грантқа өтінім қабылдау басталды · Todayinfo