«Жесірдің көңіліне қараған»: Қайрат Нұртас әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс—әйелін жұбатты
Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртас туралы жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол өнер иесінің адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталып, оның қиын сәттерде жанындағы адамдарға қолдау көрсете білетінін атап өтті. Журналисттің айтуын

Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртас туралы жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол өнер иесінің адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталып, оның қиын сәттерде жанындағы адамдарға қолдау көрсете білетінін атап өтті.
Журналисттің айтуынша, Жазира Байырбекова мен Жанболат Байырбековтің тойында көпшілік көңіл көтеріп жүрген сәтте, Мөлдір Мұқан жалғыз қалып, мұңайған кездер болған. Сол кезде көптің ішінен суырылып шыққан Қайрат Нұртас оның көңілін аулап, қолдау білдірген.
Ербол Мәндібектің сөзінше, мұндай әрекет – нағыз ер азаматқа тән қасиет. Ол шоу-бизнес өкілдерінің арасында достыққа берік жандар аз екенін айтып, солардың бірі ретінде Қайрат Нұртасты ерекше атап өтті.
Сондай-ақ ол Мөлдір Мұқанның да мықты әйел екенін, барлық қиындыққа қарамастан өз жолын тауып, балаларын тәрбиелеп, өмірде нық қадам жасап келе жатқанын тілге тиек етті.
Журналист қос тұлғаны да қазіргі қазақ өнеріндегі өнегелі жандардың қатарына қосып, оларға сәттілік тіледі.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Жәннәттің төрінен болғайсыз»: Тұрсынбектің тоқалы тағы да қаралы хабар жеткізді
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Аяғы ауыр, шамамен 5-6 ай»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жайлы жаңалық тарады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«Менде барлық дәлел бар»: танымал блогер Мейрамбек Беспаев және Қайрат Нұртастың інісімен "демалғанын" ашық жариялады
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«Қателігімді мойындаймын»: Сәкен Майғазиев «Парасат» орденімен марапатталды (ВИДЕО)
Айдар Керім·