- 6, 11, 16 және 18 типті АПВ капсидті ақуызымен бірдей құрылымға ие синтезделген ақуыз молекулалары;
Жетісуда АПВ-ға қарсы вакцинация жүріп жатыр
Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді. Папиллома вирусы адамнан адамға теріден-теріге және шырышты қабаттар жанасуында беріледі, яғни, тұрмыстық байланыс арқылы және жыныстық

Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді. Папиллома вирусы адамнан адамға теріден-теріге және шырышты қабаттар жанасуында беріледі, яғни, тұрмыстық байланыс арқылы және жыныстық қатынас кезінде берілуі мүмкін.
ДДҰ мәліметі бойынша, 95% - дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломавирусы (АПВ) тудырады.
«Қазақстанда жыл сайын 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел көз жұмады. ЖМО-нан зерттеуге алынған материалдардың 74,2%-ында 16,18 серотиптер анықталған. Жетісу облысында 600-ге жуық әйел ЖМО-мен есепте тұр. Жатыр мойны обырын тудыратын АПВ болғандықтан, АПВ-ға қарсы екпе алып, ЖМО алдын алуға болады»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасымен екпе жүргізеді. Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады.
АПВ-ға қарсы вакцинаның құрамында белсенді вирустық антигендер немесе вирустың ДНҚ-сы жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·