«Бұрын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы ауысты
Жетісу облысының полиция департаментінің бастығы болып Сарқытбай Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңір

Жетісу облысының полиция департаментінің бастығы болып Сарқытбай Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары басшыларының қатысуымен отырыс барысында белгілі болды.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметкерлерге ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшылар таныстырды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған.
ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·