Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысында 358 елді-мекеннің 90,7%  орталықтандырылған сумен қамтылған

Жетісу облысында 358 елді мекеннің 325-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, қамтылу көрсеткіші 90,7%. Бүгінгі күнде Қаратал ауданының Көпбірлік және Сарыбұлақ ауылдарының сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен қайта жаңартылу жұмыстары аяқталды, тиісінше с

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жетісу облысында 358 елді-мекеннің 90,7%  орталықтандырылған сумен қамтылған
Жетісу облысында 358 елді мекеннің 325-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, қамтылу көрсеткіші 90,7%. Бүгінгі күнде Қаратал ауданының Көпбірлік және Сарыбұлақ ауылдарының сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен қайта жаңартылу жұмыстары аяқталды, тиісінше санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу процесі жұмыста. Халыққа берілетін ауыз судың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тоқсан жүргізіледі. 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде химиялық көрсеткіштерге 1195 су сынамасы және микробиологиялық көрсеткіштерге 927 су сынамасы, тырысқақтың вибриондарына 15 су сынамасы іріктеліп, зерттелді. «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингке сәйкес орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын және жаппай демалуға арналған су айдындарынан су сынамасын алу жүргізіледі. Ағымдағы кезеңде микробиологиялық көрсеткіштерге 149 сынама, химиялық көрсеткіштерге 156 сынама, тырысқақ вибриондарына 61 су сынамасы алынды»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев. Рекреация аймақтарынан микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге 2 топырақ сынамасынан, химиялық көрсеткіштерге 3 топырақ сынамасы алынып зерттелді. Сондай-ақ, облыстағы елді мекендерінің аумағында атмосфералық ауадағы зиянды заттардың құрамына 4909 өлшеу жүргізілді, зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырланудан асуы анықталған жоқ. Облыс бойынша 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде қоршаған орта объектілерімен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулар тіркелген жоқ.

Ұқсас материалдар

Жетісу облысында 358 елді-мекеннің 90,7%  орталықтандырылған сумен қамтылған · Todayinfo