Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысында 80 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцинамен егілді

Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Инфекция жұқтырғаннан бастап аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады (орташа есеппен 2-4 күн). Тұмауға тән белгілер: -    

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жетісу облысында 80 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцинамен егілді
Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Инфекция жұқтырғаннан бастап аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады (орташа есеппен 2-4 күн). Тұмауға тән белгілер: -     дене қызуының жоғарлауы; -     жөтел; -     бас ауру; -     әлсіздік; -     бұлшық еттер мен буындардың ауруы; -     тамақ пен мұрынның қабынуы.   Сырқаттанушылықтың көтерілуі қарашадан басталып, қаңтар, ақпан айларында шарықтау шегіне дейін жетеді. 2024-2025жж. эпидемиялық кезеңде зертханалық дәлелденген тұмау жұқпасының 6 жағдайы тіркелді ((А (H1N1 (09-pdm - 2, В тұмауы -4)). Былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда тұмау жұқпасы 9 жағдайға төмендеген. ДДҰ эпидемиологиялық және зертханалық деректерді ескере отырып алдағы күзгі-қысқы маусымда A/H3N2 және A/H1N1/pdm09 типті вирус субтиптерінің параллель айналымы және В вирусының қосылуы болады деп болжады. Ең тиімді тұмаудың алдын алудың жолы – вакцинация. Жетісу облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоспарланған тұрғындардың барлығы 100% қамтылды. Жұмыс берушілердің есебінен 200 адам егілді.  Жалпы облыс халқының 82167 егілді, қамту 12%. «Айта кету керек, тұмауға қарсы жыл сайын қауіпті топтарға: 2,3-триместрдегі жүкті әйелдер, медициналық қызметкерлер, жиі ауыратын балалар, созылмалы аурулары бар ересектер, жабық ұйымдардың контингенті жатады. Арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармауымыз керек: дәрумендер ішу, тиімді тамақтану, сұйық тағам түрлерін молынан пайдалану, үй-жайларды жиі желдету, жеке бас гигиенасын сақтау (жиі қолды сабынмен жуу), түшкіріп, жөтелген кезде ауызды/мұрынды бет орамалмен жабу, бетперде қолдану, халық тығыз орналасқан жерлерге бармаған дұрыс», - дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Ұқсас материалдар