- Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Біздің басты мақсатымыз – инвестиция тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, дайын өнімді өңдеу және оны ішкі және сыртқы нарықтарға шығару, - деп атап өтті Бейбіт Исабаев.
Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады
Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысының айтуына қарағанда, Кербұлақ ауданында құны 1,3 трлн теңге болатын «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» мега-жобасының құрылысы басталды. Жоба аясында 2 230 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Сол сияқты Талдықорған қаласында тегістегіш болат шар өндіретін «ME-ELECMETAL» зауытының құрылысы жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, келесі жылы Талдықорғанда қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының құрылысы жүреді деп жоспарлануда. Бұл жоба «Жасыл Жетісу» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынады.
Ұқсас материалдар

Жетісу облысы
109 административных протоколов: на жетысуском побережье Алаколя применяются жесткие меры к лицам, нарушающим правила эксплуатации водного транспорта
Айдар Керім·

Жетісу облысы
109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда
Айдар Керім·

Жетісу облысы
Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады
Жаннұр Еділбаева·

Жетісу облысы
В Жетісу участникам конференции, посвящённой обновлённой Конституции, вручили специальное издание Основного Закона страны
Айдар Керім·