Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысының полициясы Талдықорғандағы «атысқа» қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Талдықорғанның орталығында жасөспірімдер оқ атты деген ақпарат тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Telegram арналарының бірінде оқиға орнынан бірнеше ер адам мен полиция қызметкерінің суреті пайда болды . «Талдықорғандық жасөспірімдер

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жетісу облысының полициясы Талдықорғандағы «атысқа» қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде Талдықорғанның орталығында жасөспірімдер оқ атты деген ақпарат тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Telegram арналарының бірінде оқиға орнынан бірнеше ер адам мен полиция қызметкерінің суреті пайда болды.
«Талдықорғандық жасөспірімдер қала орталығында көңілді атыс ұйымдастырды», - делінген хабарламада
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдар төбелескен.
«Полиция қызметкерлері төбелескендерді анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Ұқсас материалдар