Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жетісу өлкесінде биыл 117 адам педикулез жұқтырған

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Оның ішінде біздің бүгін айтып өтетініміз - педикулез. Педикулез немесе биттеу деп – адам денесінде бит

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жетісу өлкесінде биыл 117 адам педикулез жұқтырған
Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Оның ішінде біздің бүгін айтып өтетініміз - педикулез. Педикулез немесе биттеу деп – адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез - әлеуметтік маңызы бар, кең таралған жұқпалы ауру. Педикулез әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін. Битті жұқтыру қарым-қатынас кезінде болады, яғни, бит бір адамнан екіншісіне, биттеген адаммен қарым-қатынас кезінде: * ұжымда, * балалар мекемесінде, * қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни,                   киім-кешек пен төсек орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда беріледі. “Облыс бойынша 2024 жылдың 8 айында педикулездың 117 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 47 (40%). Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 23% төмендеді”,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова. Педикулез анықталған кезде * барлық қарым-қатынастағылар (отбасы, ұйымдасқан мекеме) тексеріліп, педикулезге қарсы препараттармен бастарын нұсқаулыққа сәйкес өңдеуі қажет. Айта кетерлігі препараттар (шампунь, гель, аэрозоль) тек дәріханадан алынғаны дұрыс, себебі олардың қауіпсіздігін кепілдендіретін арнайы құжаттары болады. Аллергиядан және басқа көтере алмайтын әсерлерден сақтану үшін алдымен дәрігерден кеңес алып, емделу керек. * Төсек жабдықтарын, сырқаттанған адамның киімдерін басқа адамдардың киімінен бөлек, жоғары температурадағы ыстық сумен жуу және үтіктеу қажет. * Балада бит табылса, бұл жағдайды балабақшаның немесе мектептің медициналық қызметкеріне айту қажет, себебі балаңыз басқа балалардан қайтадан бит жұқтырып алуы мүмкін. Алдын-алу шаралары: Сырқаттанудың алдын алу үшін балаларға жеке бас гигиенасын үйрету қажет: ➢ бөтен тарақ; шашқа тағатын бұйымдар қолданбау; ➢ өзгенің бас киімін кимеу; ➢ секция, бассейн, мектептегі сырт киім шешетін орындарда бас киімді, шарфты, киімдерді жеке пакетке салу; ➢ селфи-суретке топтап түсу кезінде биттердің жүғатыны туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Ұқсас материалдар

Жетісу өлкесінде биыл 117 адам педикулез жұқтырған · Todayinfo