Жетісудағы дүкенде газ жарылды: қабырғасы опырылып, үш адам ауруханаға түсті
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы "Малика" азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы "Малика" азық-түлік дүкенінде газ жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, оқиға 15 ақпан күні кешкі сағат 18:45 шамасында болған. Дүкен ішінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ артынан өрт шықпаған.
Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасының бір бөлігі мен шатыры опырылып түскен. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрайды.
Оқиға кезінде зардап шеккен үш адам дереу аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Үшеуі де есін біледі.
Оқиға орнына ТЖД-ның жеке құрамынан 27 қызметкер мен 6 техника дереу жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себеп-салдары анықталып жатыр.
Фото: Видеодан кадр
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·