«Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңбұзушылық болмағанын анықтады», - деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.
Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды
Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жан

Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін байқаған, көп ұзамай ол қайтыс болып кеткен.
Сараптама қорытындысы бойынша, ер адам алкогольдік кардиомиопатия салдарынан жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·