Жезқазғандағы 12 балабақшаға қарсы антикор тексеріс жүргізіп жатыр
Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты тексеруді бастады . Мысалы, Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты тексеруді бастады.
Мысалы, Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеке кәсіпкерлерден қымбат бағаға сатып алу фактілері анықталды.
Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%) болған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды. Оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа мен картоптың бағасы түсіп, 17 млн теңгеден аса сома үнемделді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·