Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйымды алып тастаған жоқ - жауапты мекеме түсінік берді

Жоғарғы сот мектепке хиджабпен баруды заңды деп танымағанын мәлімдеді. Олар тек оқушының мектепке бару құқығына қатысты шешім шығарғанын айтты. ◾️ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат таралуда. ◾️ Істі қарау

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйымды алып тастаған жоқ - жауапты мекеме түсінік берді

Жоғарғы сот мектепке хиджабпен баруды заңды деп танымағанын мәлімдеді. Олар тек оқушының мектепке бару құқығына қатысты шешім шығарғанын айтты.

◾️ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат таралуда. ◾️ Істі қарау барысында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығын талқылаған жоқ. ◾️ Кассациялық инстанция мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін ғана заңсыз деп таныды, себебі білім алу құқығы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқықтардың бірі. ◾️ Сонымен қатар, орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту құзыреті тиісті министрлікке тиесілі. Министрдің сәйкес бұйрығы заңсыз деп танылған жоқ және күшін жойған жоқ. ◾️ Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысын және мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті екенін еске саламыз. ◾️ Сонымен бірге, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу, білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өз міндеттерін орындамауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылуға әкеп соғады.

Ұқсас материалдар

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйымды алып тастаған жоқ - жауапты мекеме түсінік берді · Todayinfo