Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жойқын жер сілкінісі: Тоқаев Венесуэла Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Жойқын жер сілкінісі: Тоқаев  Венесуэла Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
📷 Ақорда

Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

– Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Ұқсас материалдар