Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман желідегі парақшасында ашуға булықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Ол өзіне теріс пікір жазған 50-ден асқан оқырманына шүйліккен. 

"Түріңді сорпаңа қатық қылып ішіңдер", - деп жазған Айманның жариялаған суретінің астына. 

Айман мұндай кемпірлерді түсінбейтінін айтып, хейтке жауап қайтарды. 

"Саудың тамағын ішіп, жындының сөзін сөйлеп дейтінбеді осындайларды. Әдемі пост, фото-видео салсам неге жасы 50-ден асқан құдағай-кемпірлер негатив жазып, уларын шашады, соны түсінбеймін. Сұлулықты көтере алмай ма? Ауыр тиеді ма екен бөтеннің күліп жүргені? Жастар жасы жазса түсінемін, олардың страхы делік. Но ақыл айтатын жасқа келіп, сондай жаман сөздер қалай жазады бөтен адамға? Сонда құда-жекжат, жиен, көрші бәрі бөтен ғой. Сонда оларға да сондай көзқараста ма деп ойлаймын өзім", - деп жазды Қабатовтың тоқалы.