Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Жұмысы жоқтарға тегін медицина: 2026 жылдан бастап не өзгереді?

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) түбегейлі өзгереді. Енді тұрақты табысы жоқ, қиналып жүрген азаматтар үшін жарнаны мемлекет өз мойнына алмақ. Бұл жаңашылдық қашан күшіне енеді және ол кімдерге нақты көмектеседі? Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сү

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жұмысы жоқтарға тегін медицина: 2026 жылдан бастап не өзгереді?

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) түбегейлі өзгереді. Енді тұрақты табысы жоқ, қиналып жүрген азаматтар үшін жарнаны мемлекет өз мойнына алмақ.

Бұл жаңашылдық қашан күшіне енеді және ол кімдерге нақты көмектеседі?

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде әлеуметтік әділдік орнату көзделген. Ең басты мақсат – ресми жұмысы жоқ болса да, ауырып қалған адамды медициналық көмексіз қалдырмау.

Әкімдік кімдер үшін төлейді?

Қазіргі таңда елімізде 3,6 миллионға жуық адам сақтандырылмаған. Олар екі топқа бөлінеді: бірі – жағдайы бар, бірақ төлегісі келмейтіндер болса, екіншісі – шынымен де қаражаттан қысылып жүргендер.

Жаңа заң негізінде екінші топтағы, яғни әлеуметтік жағдайы «дағдарысты» (D) және «шұғыл» (E) деңгейдегі азаматтарға қолдау көрсетіледі.

Бұл шамамен 1,1 миллион адам. Енді олар ауруханаға немесе емханаға жүгінген кезде, олардың сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдіктер (жергілікті атқарушы органдар) төлеп беретін болады. Бұл жүйе науқас дәрігерге қаралған сәтте автоматты түрде іске қосылмақ.

Тұрақты төлеушілерге – арнайы бонус

Министрлік ұқыпты азаматтарды да ұмытпады. 2026 жылдан бастап тағы бір жағымды өзгеріс күшіне енеді.

Егер сіз соңғы 5 жыл бойы үзіліссіз МӘМС жарнасын төлеп келген болсаңыз, бірақ кенеттен жұмыссыз қалып, төлем жасай алмай қалсаңыз – 6 ай бойы «сақтандырылған» мәртебеңіз сақталады. Яғни, жарты жыл бойы тегін емделе бересіз.

Емханаға тіркелу – міндетті шарт

Ескеретін маңызды жайт: жарнаны мемлекет төлесін десеңіз немесе жүйедегі мәртебеңізді тексергіңіз келсе, міндетті түрде тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша емханаға тіркелуіңіз керек. Тіркеусіз жүйе сізді «көрмейді».

Қазіргі уақытта өз мәртебеңізді Qoldau 24/7, Damumed қосымшалары немесе банк қосымшалары арқылы бірнеше минутта тексеруге болады.

Ұқсас материалдар

Жұмысы жоқтарға тегін медицина: 2026 жылдан бастап не өзгереді? · Todayinfo