– Қазір біз арыздарды прокурорға да, судьяға да тапсырдық. Осы жабық түрде өткізген сот, демек билік қорқып жатыр. Думан тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар жоқ. Егер қылмыс болса, бұл жерде ашық түрде көрсетер еді, – дейді журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов. Думан Мұхамедкәрім жайлыДуман Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген. Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады. Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылған еді. Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген. Таяуда Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді. Дереккөз: ulysmedia.kz
Журналист Думан Мұхаммедкәрім тергеу изоляторында аштық жариялады
Коллаж: ulysmedia.kz. Адвокат Ғалым Нұрпейісов Ulysmedia.kz журналисіне Мұхамедкәрім аштықты 13 сәуірден бастап жариялағанын хабарлады. Қорғаушының айтуынша, белсенді тергеу мен сот ісінің созбалаңға салынуына қарсылығын осылай білдірген. Қонаевтағы сот Бұған дейін Талдықорғандағ

Коллаж: ulysmedia.kz.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Ulysmedia.kz журналисіне Мұхамедкәрім аштықты 13 сәуірден бастап жариялағанын хабарлады.
Қорғаушының айтуынша, белсенді тергеу мен сот ісінің созбалаңға салынуына қарсылығын осылай білдірген.
Қонаевтағы сот
Бұған дейін Талдықорғандағы уақытша изоляторда болған журналист Қонаевқа жеткізілген. Думан Мұхаммедкәрімді қолдап елдің бірнеше өңірінен белсенділер келген. Әлеуметтік желілерде бірнеше адам сот ғимараты алдында тікелей эфирге шығып, болған жайттың видеосын таратты.
Сот өкілдері "залда бос орын жоқ" деген себеппен журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастарын ішке өткізбей қойған. Masa.mediaның хабарлауынша, полиция мен арнайы жасақ оларды сот ғимаратынан күштеп шығарып тастаған. Ал журналистерді сот залына емес, монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізген. Арнайы жасақ судья рұқсат етсе ғана журналистерді процеске кіргізетінін айтқан.
Сот процесі барысында прокурор істегі куәнің жеке басының қауіпсіздігіне байланысты процесті жабық өткізуді сұраған. Судья бұл өтінішті мақұлдағн. Қорғаушы бұған қарсы болды, олар соттың ашық өтуін талап еткен. Азаттықтың хабарлауынша, Думан Мұхаммедкәрім "Сотқа сенім білдіресіз бе?" деп сұраған судьяға "Менің үкімім шығып қойған. Менде таңдау жоқ" деп жауап қатқан. Қорғау тарабы бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Ұқсас материалдар

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Саясат
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·

Саясат
АЭС құрылысы: Қазақстан мен Ресей стратегиялық келісімге қол қоймақ
Айғаным Нариманова·