Руслан Берденовке қатысты сот отырысы кезінде тілін шығарған Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев жазаланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Жоғары сот кеңесінің хабарлауынша, Қарабаевтың әрекетіне байланысты қозғаған тәртіптік іс сот жюриінің отырысында қаралған. Талқылау қорытындысы бойынша судьяға «ескерту» түріндегі тәртіптік санкция қолданылды.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі сот процесінде судьяның залда отырған журналистке тіл шығарып, орынсыз қылық көрсеткені жарияланған еді.
Фото: скрин



