Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 адам судан көз жұмады – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл сайын елімізде 100-ге жуық адам суға батып, көз жұматынын айтты.  "Жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза тауып жатыр. Олардың басым бөлігі жазда болады. Жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті", -

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 адам судан көз жұмады – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл сайын елімізде 100-ге жуық адам суға батып, көз жұматынын айтты. 
"Жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза тауып жатыр. Олардың басым бөлігі жазда болады. Жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті", - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, суға батып кеткендердің 95%-ы тыйым салынған орындарда шомылған. Сондай-ақ өткен жылдармен салыстырғанда, қазір адам өлімі көрсеткіші төмендеген. «Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өзінің нәтижесін көрсетті. 2020 жылдан бері суға кеткен адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды», - деді ол.  

Ұқсас материалдар

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 адам судан көз жұмады – ТЖМ · Todayinfo