Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Көкшетауда 1000 адамға арналған ірі спорт кешені салынып жатыр

1 Шілде, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақмола облысы бұқаралық спорт бойынша елімізде тұрақты түрде үздік үштікке кіріп келеді. Бүгінде өңірде 236 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Бұл саланың одан әрі дамуы мен спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның ең ірісі Көкшетау қаласында салынып жатқан көпфункционалды спорт кешені, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жаңа нысан 1000 адамға арналған және кәсіби спортшыларды даярлауға, бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған маңызды алаңдардың біріне айналады. Жобаның жалпы құны 13,6 млрд теңгені құрайды. Оның 12,7 млрд теңгесі елге заңсыз жолмен шығарылып, қайтарылған активтер есебінен құрылған Арнайы мемлекеттік қордан, ал 2024 жылы жергілікті бюджеттен 620 млн теңге, 2025 жылы тағы 293 млн теңге қарастырылған.

Жоба аясында: 650 орындық спорт-сауық залын, скалодром орнатуға мүмкіндік беретін әмбебап залды, бокс, күрес, ауыр атлетика, кроссфит және атуға арналған арнайы залдарды, өрт-құтқару спортына арналған мұнараны, теннис үстелдері бар вестибюльді және кафетерийді салу жоспарланған.

Сонымен қатар, кешен аумағын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде: ойын және жаттығу аймақтары, жеңіл атлетика секторы, жылдың кез келген мезгілінде пайдалануға болатын әмбебап спорт алаңдары қарастырылған.

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бұл спорттық кешен өңірде заманауи нысандар тапшылығын айтарлықтай азайтып, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар үшін жаттығу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жаңа спорт және белсенді демалыс орталығы Ақмола облысындағы салауатты өмір салты мен спорт мәдениетін дамытуға қосылатын маңызды үлес болмақ.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.