Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды
  • «Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды
  • Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады
  • БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
  • Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды
  • Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді
  • 9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мәлімет лай судан балық іздегендей»: Мемлекеттен кемі 15 млрд алған саяси партиялардың есебі қолжетімсіз

5 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Саяси партиялар туралы» заңның қабылданғанына биыл 15 шілдеде 23 жыл толды. Егер қолданыстағы бұл заңға көз жүгіртетін болсақ 18-бапта «Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады» деп  жазылған. Алайда осы уақытқа дейін  Әділет министрлігінде ресми түрде тіркеуде тұрған  7 саяси партияның ешқайсысы жыл сайын тұрақты түрде өзінің қаржылық есебін жариялап жүрген жоқ, деп хабарлайды Todayinfo.

Тіпті бұл туралы  толық мәліметті олардың ресми сайттарынан, ұлғайтқыш лупа алып іздесе де табу мүмкін емес. Өйткені онда «қаржылық есеп» деген арнайы айдарды тек «Amanat» партиясының сайтынан ғана көруге болады. Алайда онда да тек 2013-2020 жылдардағы қаржылық есептер ғана енгізілген. Оның өзі бұрынғы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросының қаулысымен бекітілген  «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің  кірістер мен шығыстар туралы есептері.  Ал «Ақ жол» пртиясының сайтынан «Ақ жол» ҚДП-ның қаржылық қызметі туралы есебін» ғана көруге болады. Қазақстан Халық партиясы; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»; «Байтақ» партиясы; «Respublica» партиясы сайттарында мұндай есепті табу тіпті мүмкін емес. Бұған қарап олар қаржылық есебін сырт көзден құпия ұстайды деуге болады. Бұл билік органдарынан әрдайым тазалық пен ашықтықты талап етіп жүрген саяси партиялардың қызметіне еріксіз күдік тудыратыны күмәнсіз.

Егер 2009  6 ақпандағы №122-IV  және 2024  жылғы 5 шілдедегі №115-VIIІ заңдар бойынша толықтырылған 18-1-бапқа қарайтын болсақ:

  1. Соңғы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын бөлінеді.
  2. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда айқындалады.
  3. Саяси партияларды қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
  4. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Түріне қарап қалжасынан түңіл

Яғни өзінің жыл сайынғы қаржылық есебін жариялаудан қашып жүрген саяси партиялардан бюджеттен бөлінген қаражаттың есебін сұрау қазіргі кезде лай судан балық іздегендей өнімсіз тірлік сияқты көрініп тұр. Мұндай жағдайдан  кейін саяси партиялардың  көпшілігі ауыл, аудан  әкімдерінің ғана емес, Президент сайлауында да үміткер ұсынуға аса құлшынбай тек  4 жылда бір өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауында ғана белсенділігі оянататынының себебін түсінуге болады. Өйткені қолданыстағы заңнама бойынша саяси партиялар тек Парламент сайлауының нәтижесі бойынша ғана  бюджеттен қаржыландырылады.

  Әрбір дауыс — 2555 теңге

Жайшылықта билікті сынап-мінегенмен сайланбалы органдарға өз уәкілдерін ұсынып, билік органдарында жетекші күшке айналуды алдына мақсат етіп қоймайтынын өз ісімен көрсетіп жүрген саяси партиялар арасында бұдан кейін бәсекелестік бар дегегенге еріксіз күмілжисің. Осындайда қоянның түріне қарап қалжасынан түңіліпті дегендей саяси париялардың қоғамды дамытудағы көшбасшылық  рөлі туралы  айту бізге әзірге қиын екеніне еріксіз сенесің. Мәселен, Орталық Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, биыл бюджеттен саяси партияларға бөлінетін қаражатты  есептеу жаңа формула бойынша жүргізілген. Яғни әрбір сайлаушының дауысына 0,65 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бөлінген. Егер 2025 жылы АЕК 3 932 теңгені құрағанын ескерсек, биыл әрбір дауыс үшін саяси партияларға бюджеттен 2 555,8 теңгеден бөлінбек.

   Сайлаушының құқықтық сауаты өскенін құптамайды 

Сонымен  сайлаушылардың 2023 жылғы Парламент сайлауындағы дауыстары негізінде бөлінетін қаражаттың көлемі: Amanat партиясына  8,7 миллиард теңге; «Ауыл» партиясына  1,7 миллиард теңге; Respublica партиясына 1,3 миллиард теңге; «Ақ жол» партиясына 1,3 миллиард теңге; Халық партиясына 1,1 миллиард теңге;  Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 846 миллион теңгені құрап отыр. Бұлбір қарағанда аз емес, егер оны олар тиімді пайдаланатын болса. Алайда олар әлі өз ісімен сайлаушының құқықтық сауатының өскенін аса құптап отырған жоқ. Бұған сіздер не айтасыздар?

Автор: Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

16 Қазан, 2025

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025

9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

16 Қазан, 2025

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.