Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

14 Шілде, 2025

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
  • Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды
  • Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды
  • 1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды
  • «Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
  • Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды
  • 221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда
  • «Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

15 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Иран мен Израиль бір-бірін атқылап жатқанда, екі елдің жастары шаңырақ көтерді. Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің 31 жастағы немересі Иман Пехлеви еврей ұлтынан шыққан кәсіпкер Брэдли Шерманға тұрмысқа шықты. Олардың тойы Парижде өтті, деп хабарлайды Todayinfo шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Жастар төрт жылдан бері махаббат құрған, ал 2023 жылдың тамызында қызға ресми түрде құда түскен. Иман АҚШ-та дүниеге келген. Ол Мичиган университетін «психология» және «коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген, қазіргі уақытта қаржы саласында жұмыс істейді. Шерман — IT-технологиялар мен электрондық сауда саласына маманданған кәсіпкер.

Ерлі-зайыптылар бір ай бұрын Нью-Йоркте заңды неке қидырған. Ол шараға тек жақын туыстары қатысқан, олардың қатарында Иманның әкесі, Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви де болды. Иран тақ мұрагерінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Тақ мұрагері және оның отбасы шын жүректен құттықтау мен ізгі тілектер жолдаған баршаға алғыс білдіреді. Жас жұбайлар да, әсіресе, ирандықтарға ризашылығын білдіреді», – делінген.

Реза Пехлеви – Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің тұңғышы. Ол әкесінен кейін таққа отыруы тиіс болатын. Алайда 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін монархия жойылып, Пехлеви әулеті Ираннан кетуге мәжбүр болды. 1980 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Реза Пехлеви әулеттің басы атанды және әлі күнге дейін таққа үміткер екенін мәлімдейді. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та тұрады және Иран оппозициясының негізгі тұлғаларының бірі саналады.

2023 жылдың көктемінде Реза Пехлеви Израильге сапар жасап, «ирандықтар мен израильдіктер арасындағы көпір орнатып, аятоллалар режиміне қарсы бірлескен қарсылық білдіру» мақсатында кездесулер өткізген болатын.

Айта кетейік, Иран мен Израиль арасында достық қарым-қатынас болмаса да, екі ел көршілес әрі тығыз серіктес болды. Шах режимі құламай тұрып, Израильдің Иранға экспорты 100 миллион доллардан асқан. Екі ел арасындағы ең тығыз байланыс — қорғаныс және қауіпсіздік саласында орнаған. Ал Иран Израильге мұнай, газ, минералды ресурстар және азық-түлік жеткізіп тұрған. Алайда 1979 жылы билікке аятолла Хомейни келіп, Израильге жаулық ұстанымын жариялап, барлық қарым-қатынасты үзген.

Оқылып жатыр

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

Израиль парсыларды тағы бомбалады: Иран президенті өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шықты

Пайғамбарды әзілге айналдырған журналист сотталып кетті

Соңғы жазбалар

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

14 Шілде, 2025

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

14 Шілде, 2025

1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды

14 Шілде, 2025

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

14 Шілде, 2025

Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды

14 Шілде, 2025

221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда

14 Шілде, 2025

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

13 Шілде, 2025

«Екі баласы бар, отбасылы еркек болды»: Айгүл Қосанова өзінен 14 жас үлкен күйеуі туралы айтты

13 Шілде, 2025

«Анттан аттады, шок болдық»: Тұрсен Алагөзовтың экс-әйелі күйеуі бір жылға жетпей уәдесінен тайқып шыққанын айтты

13 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.