Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мен Перизат сияқты байлықта өмір сүрген жоқпын»: Ұлының еміне 1,3 млрд теңге жинап алған ана мәлімдеме жасады

1 Тамыз, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Видеодан алынған

Қазақстанда 1,3 миллиард теңге көлемінде жиналған қайырымдылық қаражатының талан-таражға түсуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл соманы баласының еміне деп жинаған Толқын Тотақанова мен оның күйеуі жеке бас мүддесі үшін жұмсаған. Тергеу нәтижесінде Instagram жарнамасына жүздеген миллион, қымбат мүлік пен құмар ойындарға миллиондаған теңге шығындалғаны анықталған. Қазір ерлі-зайыптыға қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Алайда аталған айыптауларға жауап ретінде Толқын Тотақанова Instagram желісіндегі парақшасында өз ұстанымын мәлімдеп, өзін қорғауға тырысты.

— Мені Перизат Қайратпен салыстырып жатыр. Бірақ мен ешқашан байлықта өмір сүрген жоқпын, пәтер де, қымбат көлік те алған емеспін, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, бұл іске қатысты тергеу мен сот бір жылдан астам уақыттан бері жүріп жатыр және әзірге оның кінәсі дәлелденбеген.

— Қазір бұл істе жаңа резонанс жасап, сотқа қысым көрсету әрекеті жүріп жатыр, – деді блогер.

Толқын Тотақанова сонымен қатар өзін бірнеше жылдан бері қысым мен қорқытуға ұшырағанын айтып отыр. Ол баласын құтқару үшін жеке тұлғалардан жоғары пайызбен қарыз алып, өсіммен бірге 700 миллион теңгеден астам қаражатты қайтаруға мәжбүр болғанын жеткізді.

— Мен бес жылдан бері шантаж, қорқыту мен өлім қаупімен өмір сүріп келемін. Бүгінде мен ресми түрде жәбірленуші ретінде танылдым. Бұл – мен үшін әділет іздеудің жалғыз жолы, – деп мәлімдеді ол.

Толқын Тотақанованың бұл жазбалары қоғамда қызу талқыға түсті. Бірі оны қолдаса, енді бірі күмәнмен қарап отыр. Бұл жағдай қайырымдылық саласындағы ашықтық пен сенімді басқарудың маңызын тағы да алдыңғы қатарға шығарды.

ақша жинау баланың емі қайырымдылық

Оқылып жатыр

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Спорт сарапшысы: «Кезіндегі чемпиондар сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деп жүр»

Денсаулық сақтау министрлігі: Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы міндеттемелер толық көлемде орындалады

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.