Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Нұра ауданындағы «Өнер үйі» биыл пайдалануға беріледі

Нұра ауданындағы «Өнер үйі» биыл пайдалануға беріледі

17 Маусым, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Нұра ауданындағы әлеуметтік жобалармен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Нұра ауданына жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйін бағалап, бірнеше маңызды жобаның жүзеге асырылу барысын қарады.

«Мемлекет басшысы ауылдың маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны сақтаудың қажеттігін нақтылады. Ауыл – елдің іргесі, ұлттың тамыры. Осы міндеттерді орындау мақсатында Нұра ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықтым», – деді ол.

Өңірдегі басты нысандардың бірі – Өнер үйі. Былтыр құрылысы басталған бұл ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Көпфункционалды шығармашылық орталық ретінде жұмыс істейтін Өнер үйі аудан тұрғындарына мәдени қызмет ұсынбақ.

Сондай-ақ, Байтуған ауылындағы Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимараттың шатырын жаңарту ісі қолға алынған.

Президент тапсырмасына сәйкес, ауданда үш мектеп реновациялау бағдарламасына енгізілді. Соның ішінде Байтуған орта мектебінде жылыту жүйесі жаңартылып, күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Мектеп 500 оқушыға арналған және қазіргі таңда төрт пән кабинеті заманауи техникамен жабдықталған. Жақын арада тағы екі кабинет қажетті құралдармен қамтылады.

Былтыр облыстық бюджет есебінен 14 пән кабинеті жабдықталса, биыл тағы бес кабинетке қажетті техника сатып алынды. Бұл аудан мектептерінің жарақтану көрсеткішін 12%-ға арттырды, нәтижесінде ауылдық балалар сапалы білім алуға мүмкіндік алды.

Білім беру жүйесі оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, Болат Әбдікәрімов атындағы көпсалалы колледждің жұмысы айрықша аталып өтті. 200-ден астам студент білім алатын колледж түлектері теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдыларды да игеріп, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуда.

Әкім орынбасары аталған бастамалардың барлығы ауданның әлеуметтік әлеуетін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Бұл жобалар – ұзақмерзімді даму жоспарының бір бөлігі ғана, әрі алдағы уақытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.

Оқылып жатыр

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.