Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Өскенмендегі мектеп асханасындағы ботқадан құрт шықты

12 Қыркүйек, 2024 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өскеменде №10 мектептің 3-сынып оқушысы анасына асханада берілген тары ботқасынан құрт шыққанын айтқан. Ата-аналар енді балаларының асханадан тамақ ішуіне қарсы. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі Yk.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Yk.kz

Анасы оқушының жіберген суретінен ботқаның ішінен шыққан ақ құртты көрген. Сөйтіп бірнеше ата-ана жиналып мектеп директорымен бірге асханаға барды. Сонда ботқа салынған ыдыста құрттардың барына көзі жеткен.

Қалалық білім бөлімінің сайтында №10 мектептің күнделікті ас мәзірі бар. Мәзірге қарағанда дүйсенбі күні тары ботқасының әзірленгені белгілі болды. Мәзірмен бірге жүретін бір парақ қағазда жеткізушінің деректері жоқ. Сондай-ақ сайттың құжаттарға арналған бөлімінен де 2023 және 2024 жылдарға арналған келісімшарттар табылмады.

Ата-аналар балаларын мектеп асханасына жіберуден бас тартып жатыр. Олар енді балаларға тамақты үйден жасап, беріп жібермек.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектепте бастауыш сыныптағы балалар асханаден тегін тамақ ішеді. Сондай-ақ жақында Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектепте оқушылар уланып, ауруханаға түскен еді. 460 бала дәрігерлердің бақылауында болды. 96 бала ауруханаға жатықызылса, екеуі жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазір 53 оқушы аураханада ем алып жатыр, одан бөлек 43 бала үйіне жіберілді.

Маңғыстаудағы жағдайдан кейін премьер-министр Олжас Бектенов бір ай ішінде Қазақстандағы барлық мектептің асханасына тексеру жүргізуге тапсырма берді.

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазір СЭС қызметкерлері үнемі тексеру жүргізбейтінін, тек оқыс оқиға тіркелген жағдайда тексеріс жасайтынын айтып, жазба жариялады.

Қалалық білім бөлімі осы жазбадан кейін тексеру жұмыстарының нәтижесін жариялады.

“Ботқадан дәнді дақылдар зиянкестерінің табылуын негізге ала отырып, білім бөлімі мектеп асханасын тексерді. Өнімнің сапасын, сақтау жағдайларын, асхана мен тағамхананың санитарлық жағдайын көрсететін құжаттар тексерілді. Асхана қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп асханасының жалға алушысы мен мектеп директоры түсініктеме жазды. Ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. Қосымша тексеру үшін СЭС қызметіне апелляция берілді”, – делінген хабарламада.

 

асханасындағы ботқадан мектеп шықты құрт Өскенмендегі

Оқылып жатыр

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Экобелсенділер дабыл қақты: «Алматыда қоқыс жағу зауытын салу, экологияға төнген қатер»

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Спорт сарапшысы: «Кезіндегі чемпиондар сұрамшақтанып, ақша, үй, көлік бермеді деп жүр»

Денсаулық сақтау министрлігі: Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы міндеттемелер толық көлемде орындалады

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.