Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • «Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау
  • Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
  • Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: ЖИ, коллаж Todayinfo

Қашанда бастары бірікпеген мұсылмандар бұл жолы да өзара соғысты бастап келіп жіберді. Пәкістан мен Ауғанстан бірін бірі аямай атысып жатқандарына бір апта болды. Екі мемлекеттің Құнар, Нангархар, Гельменд аймақтары шектесетін тұста қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Тіптен қаруы жағынан әлеуеті жоғары Пәкістан ұшақтары Кабулдың астаң-кестеңін шығарып бомбалап жатыр. Тәлібтер Пәкістанның бірнеше әскери бекетіне шабуыл жасаған соң қос тараптың соғысы басталып кеткен еді. Екі жақтан да шығын аз емес. Todayinfo тілшісі тұрғындары көп екі мемлекеттің өзара жауласуының себебіне үңіліп, ядролық қаруға ие Пәкістан соғысының әлем экономикасына тигізер әсерін анықтап көруге тырысты.

Тәлібтер мен Пәкістан әскері не үшін атысуда? Себебі көп, салмағы да зардабы да ауыр. Бірақ оны ұғып отырған тәлібтер жоқ.

Пәкістандық “Тихрик-е-Талибан” деген ұйым бар. Олар Пәкістан үкіметіне қарсы лаң бастаушы ұйым. Ауғанстан-Пәкістан шекарасында әрекет етеді. Басшылары Ауғанстан аумағында жасырынып жүр. Пәкістан сол ұйымды құртуды қалайды. Ал тәлібтер Ауғанстан аумағынан оларды қуып шығуға ниетті емес. Бұлда шиеленістің бір себебі. Екінші мәселе тарихи тартысты жер дауы.

«Екі ел арасында нақтыланбаған шекара бар. Бұрынғы үкімет тұсында ол уақытша келісіммен шешілген. Ал тәлібтер келген соң, қайта дау туындауда.

Үшінші мәселе, босқындардың проблемасы. Пәкістан жерінде Ауғанстаннан келген 4 миллионға жуық босқын бар еді. Соларды Пәкістан Ауғанстанға күштеп депортациялап, кері қайтаруда. Тәлібтер олардың жаппай қайтуына наразы. Себебі әлеуметтік жағдай онсызда мәз емес», — деп санайды саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Одан бөлек басқа мәселелер де жетерлік. Пәкістан Ауғанстан аумағына соққы жасап, Кабулды қирата бастады. Таяу Шығыстағы қырғын тоқтамай тұрғанда Ауғандардың көршілерімен тағы соғыс бастауы әлемдік экономикаға, жүк тасымалына қалай әсер етпек? Саралап, талдап көрейік…

«Қазіргі қақтығыс түбегейлі жаңа нәрсе емес. Осындай қақтығыстар, ауқымы шағын болса да, соңғы жылдары Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында тұрақты түрде болып келеді. Сондықтан, қақтығыстың одан әрі ушығуы екіталай. Оның үстіне, жағдай қазірдің өзінде дерлік жергілікті деңгейде шектелген. Тіпті ушығу жағдайында да бұл қақтығыс әлемдік логистикаға әсер ете алмайды, өйткені Ауғанстан да, Пәкістан да транзит тұрғысынан маңызды елдер болып саналмайды», — деді саясаттанушы Рустам Бурнашев.

Алайда мен Бурнашевтің болжамымен толыққанды келіспес едім. Мәселенің екінші жағы бар. Қақтығыс күшейсе ол тек Қазақстанға ғана емес, Орта Азия мен Қытай, Иранға да теріс әсерін тигізеді. Ең бастысы экономикасы азық-түлігі толықтай Пәкістанға тәуелді ауғандықтар ашыға бастайды.

Исламабад билігі “Тихрик-е-Талибан” басшылары жасырынған ғимаратты атқылағаны айтылды. Қазіргі атыс сол үшін болып жатса керек. Бұндай атыс-шабыс бұрын да болған. Осыдан кейін де қақтығыстардың болары анық. Пәкістан тарапы жалпы тәлібтерді өзіне қарыздар санайды.

«2001 жылы АҚШ әскерінен бой тасалап, тәлібтер көбіне осы Пәкістан шекарасына қарай ығысты. Пәкістан оларға астыртын көмек көрсетті. Қазіргі Пәкістан билігі тәлібтерге қатысты “тамақ берген қолымызды тістеді” деп талай айтқан еді. Ал соғыстың шығуына көптеген факторлар әсер етуде, екі мемлекеттің арасында шешілмеген шекара мәселесі реттелмей қақтысытар жалғаса береді», — деді сарапшы.

Шекара толыққанды заңдастырылмаған. 2021 жылға дейін Ауғанстан үкіметі Исламабадпен белгілі бір деңгейде келіссөздер жүргізіп, шекаралық даулардың алдын алуға тырысты дедік жоғарыда. Алайда тәліптер билікке келгеннен кейін бұл мәселе қайта ушықты, соның салдарынан екі ел арасындағы қақтығыс жиілей түсті. Қазіргі соғыс ұсақ қақтығыстардың асқынған түрі.

«Пәкістандық тәліптердің мақсаты – ел билігін құлатып, Ауғанстандағыдай жүйе орнату. Әрине, Пәкістан билігі оларды басты қауіп деп санайды. Осы топтарға қарсы бірнеше ірі әскери операциялар жүргізілген. Бірақ операциялар кезінде тәліптер Ауғанстан аумағына өтіп кетіп, сонда тығылады. Ал ауған тәліптері пәкістандық тәліптерге қарсы ешқандай шара қолданбайды. Оларды ұстау немесе қарсы операция жүргізу әрекеттері болмаған. Осыған байланысты Пәкістан тарапы Ауғанстан билігін лаңкестік ұйымдарды қолдап отыр деп айыптап, бірнеше рет Ауғанстан аумағына әуеден соққы беріп, арнайы операциялар жүргізген. Сол үрдіс әлі жалғасып жатыр», — деді Асхат Қасенғали.

Болашақта мұндай қақтығыстардың қайталануы бола беретіні анық болса да, бірақ олардың толыққанды үлкен соғысқа ұласуы екіталай. Себебі Ауғанстанның әскери әлеуеті шектеулі. Олардың қолында АҚШ-тан қалған қару-жарақ пен жеңіл техникалардан басқа ірі соғыс құралдары жоқ. Ал соғыс жүргізу үшін тек қару емес, жанармай, энергия мен қаржы қоры қажет. Бұлардың ешқайсысы қазіргі Ауғанстан билігінде жоқ, сондықтан айналасына лаң салып жүретін тәлібтер ауқымды соғысқа баруы мүмкін емес.

«Дегенмен жағдай ушығып кетсе, бұл аймақтың логистикасына сөзсіз әсер етеді. Біріншіден, Пәкістан барлық шекаралық өткізу бекеттерін жабуы мүмкін. Бұл Ауғанстан үшін ауыр соққы болмақ, себебі ел азық-түлік, жанармай және басқа да қажетті тауарларды Пәкістан порттары арқылы алады. Соның салдарынан Ауғанстанда тауар тапшылығы байқалуы ықтимал. Екіншіден, егер қақтығыс күшейсе және Ауғанстанда тұрақсыздық белең алса, онда Таяу Шығыс, Пәкістан және Үндістан бағыттарына жол ашуға талпынып отырған Орталық Азияның логистикалық жобалары тоқтап қалуы мүмкін. Үшіншіден, бұл жағдай Қытайды да қиын жағдайда қалдырады. Себебі Қытай Иран мұнайын екі бағытпен тасымалдайды, бірі Иран порттары арқылы, екіншісі Ауғанстан аумағы арқылы. Егер Ауғанстанда соғыс өршіп кетсе, Қытай баламалы бағыт іздеуге мәжбүр болады, ал ол бағыт, сөзсіз, Орталық Азия арқылы өтеді. Сондықтан бұл тек Ауғанстан мен Пәкістан емес, жалпы аймақ елдері үшін де маңызды логистикалық тәуекел туғызады», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Оқылып жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

Соңғы жазбалар

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

16 Қазан, 2025

«Ұстайтын жері қалмапты»: Қызының жағдайын көрген Сәкеннің құдағиы ренжіп қалды

16 Қазан, 2025

«Әншінің баласы болғанымыз үшін қатты қысым сеземіз»: Нұрлан Өнербаевтың ұлы шындықтың шетін шығарды

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.