Фото: istockphoto.com
Прокурор Жұмагелдиевке 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл, ал ҰҚК 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 ай түрме жазасын сұраған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Үшеуі де кінәлі деп танылды.
- Арман Жұмагелдиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Қайрат Құдайберген — 8 жылға сотталып, бүкіл мемлекеттік наградалардан айырылды;
- Руслан Ысқақов — 15 жылға сотталды.
- Талғат Махат — 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Kaz.orda.kz хабарлағандай, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша, ол кездейсоқ өтіп бара жатқан 20-дан астам адамды ұрлап, қару-жарақ ұрлап, адамдарды заңсыз ұстап, олардың бостандығын шектеген.
Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған.