Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағанды: Даму жолындағы жаңа белестер — денсаулық, білім және ұлттық құндылықтар тоғысында

15 Мамыр, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысындағы Нұра ауданы – ауылдық өңірлердің өркендеуінің жарқын мысалына айналуда. Бүгінде мұнда ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымнан бастап әлеуметтік салаға дейін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Нұра ауылында бұрын пайдаланылмай келген ғимарат бүгінде жаңа тыныс алып, Дәрігерлер үйі ретінде қайта жаңартылуда. Жобаның басты мақсаты – ауданға жас медицина мамандарын тарту және кадр тапшылығын жою. Жөндеуден кейін ғимаратта 14 заманауи қызметтік пәтер орналасады. Бұл пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталып, орталық жылыту жүйесіне қосылады. Сондай-ақ, аумағы абаттандырылып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырылады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Нұра ауданына жұмыс сапары барысында аталған құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, сапа мен мерзімнің сақталуын назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Жобаның сәтті жүзеге асуы жас дәрігерлердің ауылға келуіне, тұрақтап қалуына серпін беретіні сөзсіз.

Сонымен қатар, ауданда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Ізенді ауылында бірнеше жыл бойы күткен фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) бой көтеруде. Бұл – ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыратын маңызды қадам.

Денсаулық сақтау саласымен қатар, ауданның жалпы инфрақұрылымы да жаңартылуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы Ізенді ауылында су құбыры жүйесі жаңартылып, жолдар жөнделді. Қайнар ауылында да тас жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл – ауыл тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істердің нәтижесі.

білім даму Денсаулық қала Қарағанды облысы әкімдік

Оқылып жатыр

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Қарағандыда «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» туристік фестивалі өтті

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.