Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды
  • Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 10 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағандыда «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» туристік фестивалі өтті

27 Қыркүйек, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

27 қыркүйекте Қарағандының Орталық саябағы саяхат пен табиғатты сүйетін, белсенді өмір салтын қолдайтын тұрғындар мен қонақтардың басын қосқан мерекелік алаңға айналды. Мұнда жүздеген қатысушыны жинаған «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» облыстық туристік фестивалі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Фестиваль жаңа таныстықтар құруға, тәжірибе алмасуға және пайдалы білім алуға мүмкіндік берді. Саябақ аумағында шатырлы қалашық бой көтеріп, арқан өткелі, тіршілік дағдыларын шыңдау аймағы, түрлі сынақтар мен кедергілерден тұратын туристік жолақ ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушыларға арнап шеберлік сабақтары өтті.

Ұзақ сапарларға бейімделген туристік велосипедтің таныстырылымы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушыларға велосөмкелерден бастап кемпинг жабдықтары мен навигациялық құрылғыларға дейін көрсетіліп, велосаяхат әуесқойлары үшін мазмұнды әрі пайдалы шеберлік сабағы өткізілді.

Көрме аймағында аймақтың туроператорлары, қонақ үйлері, мейрамханалары мен туристік клубтары өз қызметтерін таныстырды. Қонақтар жаңа бағыттар туралы мәлімет алып, тәжірибе бөлісіп, болашақ сапарларына идея жинай алды.

Фестивальдің ерекше көңіл-күйін шығармашылық ұжымдардың өнері мен «Fitness Blitz Koper» спорт клубының әсерлі флешмобы арттыра түсті. Қатысушылар қуат пен позитивке толы әсер алды.

Шара барысында Қарағанды облысында туризмнің дамуына үлес қосқан азаматтар алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.

Бүгінде Қарағанды облысы – инвестиция салуға зор әлеуетке ие өңір. Кемпингтер, экоқонақүйлер, этнопарктер және басқа да туристік нысандарды дамыту ішкі және кірме туризм үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Фото: Қарағанды облысының Туризм басқармасы

Оқылып жатыр

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Кітап оқып, миллион ұтып ал! 

Соңғы жазбалар

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025

ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

10 Қазан, 2025

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.