Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды
  • Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді
  • ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев
  • «Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті
  • Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 10 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қуаты 1 ГВт ЖЭС: Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

4 Қазан, 2025 Жамбыл облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Астана қаласына жұмыс сапары аясында Masdar (БАӘ) компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті.

Басқосуға өңірлік басқармалардың басшылары, аталған компанияның өкілдері, БАӘ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жетекшілері қатысты. Жиында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы жобасының жүзеге асырылу барысы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі өз сөзінде бұл ауқымды жобаның тек өңір үшін ғана емес, тұтас ел үшін стратегиялық маңызы барын атап өтті.

– Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз бұл жобаны сәтті жүзеге асырып қана қоймай, болашақта жаңа бастамалардың берік іргетасын қалайтынымызға сенімдімін, – деді аймақ басшы.

Masdar – әлемдік деңгейде жаңартылатын энергетика саласында жетекші орын алатын компаниялардың бірі. Осы алпауыт компанияның қатысуымен Сарысу және Талас аудандарында салынатын ЖЭС-қа 742 млрд теңге көлемінде қаржы құйылмақ. ЖЭС құрылысы 2026 жылы басталып, 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал алғашқы дайындық жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін қолға алынбақ.

Ербол Қарашөкеев жергілікті билік заңнама талаптарына сай жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық мәселені жедел шешуге толық әзір екенін жеткізді. Сонымен бірге Мұхаммед Әл-Рамахиді өңірдің инвестициялық және табиғи мүмкіндіктерімен тереңірек танысуға шақырды. Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи Қазақстанның, соның ішінде Жамбыл облысының жасыл энергетика саласындағы әлеуетін жоғары бағалады. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық аясында жобаны бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Оқылып жатыр

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Жамбыл облысында екі ірі өндіріс орнының құрылысы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Соңғы жазбалар

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025

ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

10 Қазан, 2025

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

10 Қазан, 2025

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды

10 Қазан, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

10 Қазан, 2025

1414 нөмірінен келетін SMS және айыппұлдар: eGov порталындағы авторизация өзгерді

10 Қазан, 2025

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.