Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дубайдағы UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары үздік ондықта (ФОТО)
Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша төрт командамыз үздік ондықта. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. “Мұнараға шабуыл” атты төр

Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша төрт командамыз үздік ондықта. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
“Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде біздің екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды.
109 команда арасында бесінші орында “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан “Tomiris” қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. “Kazakhstan С” - ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында “Kazakhstan А” сенімді тұр. “Kazakhstan В” мен “Tomiris” турнир кестесінің 12 және 13 орнында.
Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең, бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·