Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

20 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

[ad_1] "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұшақпен, дауы

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
20 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
[ad_1] "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұшақпен, дауылмен жаңбыр күтіліп, елдің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр болады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі күтіліп, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында,  Шығыс Қазақстан облысының солтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының  орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. [ad_2] Дереккөз: ulysmedia.kz

Похожие материалы

20 тамызға ауа райы болжамы жарияланды · Todayinfo