Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

2023 жылы Каспий құбыр консорциумы 64 млн тонна мұнай тасымалдаған

2023 жылы Каспий құбыр консорциумы шамамен 64 млн тонна мұнай тасымалдаған. Бұл туралы КҚК бас директоры Николай Горбань айтты, деп хабарлады Todayinfo Halyq Uni -не сілтеме беріп.    Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 63,5 млн тонна мұнай жеткізілді. Бұл рекор

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
2023 жылы Каспий құбыр консорциумы 64 млн тонна мұнай тасымалдаған
2023 жылы Каспий құбыр консорциумы шамамен 64 млн тонна мұнай тасымалдаған. Бұл туралы КҚК бас директоры Николай Горбань айтты, деп хабарлады Todayinfo Halyq Uni -не сілтеме беріп. 
  Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 63,5 млн тонна мұнай жеткізілді. Бұл рекордтық көлем саналады. Оның 56 млн тоннасы Қазақстанға тиесілі. Жылды ойдағыдай аяқтадық. Жазатайым оқиға тіркелмеді, - деді Николай Горбань ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.  
Сондай-ақ ол КҚК-нің алдағы жоспарына тоқталды.
  Құбыр жүйесін жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. Алдағы бірнеше жылда магистралды мұнай құбырының 400 шақырымға жуық желілік бөлігін алмастыру жоспарда бар. Былтыр желтоқсанда желілік бөліктің алғашқы 25 шақырымы алмастырылды. 2026 жылы 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мұнай шығарылатын 2 айлақтың құрылғысын жаңартамыз, - деді бас директор.  
Todayinfo.kz

Похожие материалы

2023 жылы Каспий құбыр консорциумы 64 млн тонна мұнай тасымалдаған · Todayinfo