Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

2025 жылдан бастап Қазақстан Гонконг пен Вьетнамға бидай сатады

Астана, Қазақстан (18 қараша 2024) - Қазақстан 2025 жылы Қытай, Гонконг және Вьетнамға бидай экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Қазіргі таңда Қазақстан бидайын Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Батыс Ауғанстан, Шығыс Ир

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
2025 жылдан бастап Қазақстан Гонконг пен Вьетнамға бидай сатады

Астана, Қазақстан (18 қараша 2024) - Қазақстан 2025 жылы Қытай, Гонконг және Вьетнамға бидай экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қазақстан бидайын Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Батыс Ауғанстан, Шығыс Иран және Орталық Азия елдеріне экспорттайды.

Жұманғариннің айтуынша, келесі жылы Қытайдың Синьцзян провинциясында Гонконг пен СУАР басшыларымен кездесу өтеді. Онда Гонконг пен Вьетнамға контейнерлер арқылы бидай жеткізу мәселесі талқыланады.

"Қазақстан темір жолы" АҚ арқылы соңғы екі айда 2 млн 100 мың тонна бидай экспортталды. Осындай қарқынмен жұмыс жалғаса берсе, болашақта бидай экспорты 12 млн тоннаға жетуі мүмкін.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың мәліметінше, қараша айында Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Ауғанстанға 250 мың тонна бидай экспорттау туралы келісімшартқа қол қойылған.

Похожие материалы

2025 жылдан бастап Қазақстан Гонконг пен Вьетнамға бидай сатады · Todayinfo