Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

2026 жылдан бастап құжаттар қымбаттады: Жаңа бағалар қандай?

Жаңа жылдан бастап төлқұжат, куәлік пен жүргізуші куәлігі рәсімдеу қымбаттады – нақты бағалар мен жеңілдіктер туралы.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
2026 жылдан бастап құжаттар қымбаттады: Жаңа бағалар қандай?

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттарды рәсімдеу бағасы өсті. Бұған себеп – айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің 3932 теңгеден 4325 теңгеге көтерілуі.

Бұл өзгеріс түрлі мемлекеттік баж салығына, соның ішінде төлқұжат пен жүргізуші куәлігіне де әсер етті.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Паспорт пен жеке куәлік қанша тұрады?

Балаларға арналған 24 беттен тұратын төлқұжаттың бағасы 17 300 теңгеге жетті. Бұрын бұл 15 728 теңге еді.

Ересектерге арналған 36 беттік паспорт – 34 600 теңге, ал 48 беттік нұсқасы – 51 900 теңге.

Жеке куәлік – 865 теңге. Дегенмен, оны алғаш алған немесе жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда тегін беріледі.

Егер жеке куәлікті бір жыл ішінде екі мәртеден артық жоғалтсаңыз, онда қайтадан рәсімдеуге 4325 теңге төлеу қажет.

Жүргізуші куәлігі мен басқа да құжаттар бағасы

Жүргізуші куәлігін жасау құны – 5406 теңге.

Некеге тұру туралы куәлік алу – 4325 теңге, ал ажырасу рәсімі – 8650 теңге.

Бала туу туралы куәлік бұрынғыша тегін, бірақ оны қайта алуға – 2163 теңге қажет болады.

Кімдерге құжаттар тегін беріледі?

Бірқатар азаматтар санатына құжаттар тегін беріледі. Олардың қатарында:

  • Мемлекеттік марапат иелері мен ел батырлары
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері
  • ҰОС ардагерлері мен жауынгерлік іс-әрекетке қатысқандар
  • Мүгедектігі бар жандар мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары
  • Қарттар үйіндегі қариялар
  • Тұл жетім балалар мен мемлекет толық қамқорлығындағы балалар
  • Чернобыль апатының зардаптарын көргендер

2026 жылдың қаңтарынан бастап тек құжаттар ғана емес, сондай-ақ салықтар, айыппұлдар, зейнетақы және жәрдемақылар да өзгеріске ұшырады. Міндетті медициналық сақтандыру мен мобильді аударымдарға салықтық бақылау тәртібі де жаңартылды.

Похожие материалы