Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

26 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

[ad_1] “Қазгидромет”  РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 тамызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаң

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
26 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
[ad_1] “Қазгидромет”  РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 тамызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жаууы  күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында  кей уақыттарда тұман болады. Абай, Ұлытау,  Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының  орталығында,  оңтүстік-шығысында, Маңғыстау  облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде,  Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Похожие материалы

26 тамызға ауа райы болжамы жарияланды · Todayinfo