Todayinfo.kz
Кызылординская областьСмотреть все материалы

400 тонна өнім: Қызылорда облысында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашылды

Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
400 тонна өнім: Қызылорда облысында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашылды
📷 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Салтанатты шарада облыс әкімі бұл бастама өңірдің өндірістік қуатын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. 

download.jpg

«Баршаңызды аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – түйе сүтінен ұнтақ шығару зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Бұл өңір экономикасының дамуына тың серпін, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек», - деген болатын. Осы ретте аймағымызда ірі инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі -  3 млрд теңгеге салынған «Қазақ Кэмел» компаниясының түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты. Жалпы, елімізде түйе сүтін өңдейтін кәсіпорындар бар болғанымен, өнеркәсіптік деңгейде құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттар өте аз. Сондықтан бұл - бірегей әрі маңызды бастама», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. 

download.jpg

Жылына шамамен 400 тонна өнім өндірілетін бұл зауытта  23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдыру үшін күніне 20 мың литр сүт қажет. Бұл жергілікті тұрғындар үшін тиімді болмақ.  Түйе сүтін күнделікті өткізіп, тұрақты табыс табады. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру мақсатында келісімшарт жасалып, алдағы 10 жылда Қытай нарығына экспортталады. Мемлекеттік қолдау аясында индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі берілген. Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Қытайдан қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға 1,8 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Рәсімде облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Айтбай Көшербай, Әділбек Айымбетов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және зауыттың іске қосылуына атсалысқан  азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

download.jpg

Өңірде экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгеге  48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылады деп жоспарланған.

Похожие материалы

400 тонна өнім: Қызылорда облысында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашылды · Todayinfo