Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әншінің шулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, кеше оқырмандар полиция анықтамасының көшірмесін жіберген.
«Онда 2006 жылы туған қыздың танымал әнші Қайрат Нұртас Айдарбековке қатысты арызы көрсетілген.
Бұл құжатта мені танымал әншінің аты емес, анықтамада арыз берушінің жезөкше ретінде көрсетілгені және оның полицияда есепте тұрғаны таңғалдырды. Оның жасы небәрі 20-да, 2006 жылы туған, яғни кеше ғана мектеп бітірген қыз», — деді журналист.
Алайда БАҚ таратқан ақпаратта ешқандай зорлау болмағаны хабарланды.
«Осы тұста менде тек құқықтық сұрақтар туындайды. Белгілі болғандай, жыныстық зорлық-зомбылық туралы арыздарды тексеру әдетте уақытты қажет етеді: оқиғаға қатысушылардан жауап алу, барлық мән-жайды тексеру, дәлелдемелерді жинау және бағалау, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау және процестік шешім қабылдау керек.
Сондықтан түсініктеме алғым келеді: бір тәуліктен аз уақыт ішінде нақты қандай процестік әрекеттер жүргізілді?
Барлық тараптардан жауап алынды ма?
Қандай да бір сараптамалар немесе өзге де тексеру шаралары жүргізілді ме?
Қандай деректердің негізінде және қандай процестік рәсім аясында зорлау болмаған деген қорытынды жасалды?
Ешкімнің кінәлі не кінәсіз екені туралы ешқандай қорытынды жасамаймын. Мұндай қоғам назарын аудартатын оқиғаларда туындайтын сұрақтарға қоғамның түсінікті әрі ресми жауап алуға құқығы бар деп санаймын», — деп жазды Гүлбану Әбенова.




