45 млн теңгеге дейін ақша алған: Ақмолада 179 адамды алдаған әйелге үкім шықты
Ақмола облысында Шортандының тұрғыны К. есімді әйел ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол күйеуімен бірге адамдардан қарызға ақша алып, олардың атына несие рәсімдетіп, кейін төлемей жоғалып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo . Алаяқтықтан 179 адам зардап шекті.

Ақмола облысында Шортандының тұрғыны К. есімді әйел ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол күйеуімен бірге адамдардан қарызға ақша алып, олардың атына несие рәсімдетіп, кейін төлемей жоғалып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.
Алаяқтықтан 179 адам зардап шекті. Әрқайсысына келген шығын 600 мыңнан 45 млн теңгеге дейін. Сонымен қатар, әйел 4,7 млн теңгелік тауарды төлемей алып, тағы бір адамнан жоқ бизнеске деп 73,5 млн теңге алған.
Сот оған 6 жыл 6 ай жаза кесті. Бірақ 14 жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.
Күйеуіне қатысты іс бөлек қаралып жатыр. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Freepik
Похожие материалы

Новости
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·