Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

46 градус: азапқа әкелер аптап ыстық бір апта сақталады

Фото: istockphoto Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде ауа температурасы 46 градусқа  дейін көтеріліп, өрт қаупі күшейетінін  ескертті . Апта соңында Қазақстанның көптеген өңірінде күн ыстық болады. Ақтөбе, Алматы, Түркістан, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу о

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
46 градус: азапқа әкелер аптап ыстық бір апта сақталады
Фото: istockphoto Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі күшейетінін ескертті. Апта соңында Қазақстанның көптеген өңірінде күн ыстық болады. Ақтөбе, Алматы, Түркістан, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа температурасы +46 ° дейін көтеріледі, деп хабарлайды Todayinfo.
Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, республиканың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында 44°С қатты ыстық болады. Ал өңірдің оңтүстігінде ауа температурасы +46°С дейін көтеріледі. Қызылорда облысында 42°С дейін қатты ыстық болады. Осы өңірдің оңтүстігінде ауа температурасы +45°С дейін жоғарылайды. Атырау, Маңғыстау  облыстарында ауа температурасы күндіз 44°С дейін өте қатты ыстық болады. Жамбыл облысында ауа температурасы 41°С дейін көтеріліп, өңірдің оңтүстігінде +43°С дейін ысиды. Алматы, ЖетісуБатыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында +42°С өте ыстық болады.  

Похожие материалы

46 градус: азапқа әкелер аптап ыстық бір апта сақталады · Todayinfo