«80 млн доллар шығарған»: қашқын Қайрат Қожамжаровтың командасы елді қалай тонаған
Тергеу нұсқасы бойынша, 2014–2016 жылдар аралығында Қайрат Қожамжаровтың төңірегіндегі адамдардың компаниялары арқылы елден 70–80 миллион доллар шығарылған. Бұл туралы Elmedia басылымы хабарлаған, деп жазады Todayinfo. Жуырда Асхат Дүйсеновтің тұтқындалғаны белгілі болды. Ол Алма

Тергеу нұсқасы бойынша, 2014–2016 жылдар аралығында Қайрат Қожамжаровтың төңірегіндегі адамдардың компаниялары арқылы елден 70–80 миллион доллар шығарылған. Бұл туралы Elmedia басылымы хабарлаған, деп жазады Todayinfo.
Жуырда Асхат Дүйсеновтің тұтқындалғаны белгілі болды. Ол Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы және Қазақстанның бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновтің туған інісі. Асхат Дүйсеновтің аты 18 жыл бұрынғы «Рахатгейт» («Нұрбанкгейт») ісінде де аталған еді. Ол кезде Рахат Әлиевтің шаруашылығында жұмыс істеген және сол жерге «Нұрбанк» банкінің топ-менеджерлері зорлықпен жеткізілген.
Сол кезде Мақсат Дүйсенов Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген. Әңгіме арасында оның бауырын «құтқару» үшін жергілікті кәсіпкерлерден 1 миллион доллар жинағаны айтылған. Ақыр соңында Асхат Дүйсенов тіпті куәгер ретінде де сотқа тартылмаған.
Енді Асхат Дүйсенов қайта қамауға алынды, бірақ бұл жолы «Нұрбанк» ісі бойынша емес, қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталып отыр. Оның атына жылжымайтын мүліктер ресімделіп, шоттары арқылы 15 миллиард теңгеден астам қаражат өткен, бұл сол уақыттағы бағам бойынша 70–80 миллион долларға тең. Бұл қаражат кейін шетелге шығарылған.
Фото: inbusiness.kz
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·