Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

88 млн. теңге: Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық экстрадицияланды

Ресейде жасырынған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Күдікті 2019-2020 жылдары кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 53 миллион теңге тұратын арнайы техниканы, сондай-ақ өзіне тиесілі еме

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
88 млн. теңге: Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық экстрадицияланды

Ресейде жасырынған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Күдікті 2019-2020 жылдары кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 53 миллион теңге тұратын арнайы техниканы, сондай-ақ өзіне тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлемде қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Ресейге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың шілдесінде ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей билігі оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазір күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторында қамауда отыр. Оған тағылған айып бойынша, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Похожие материалы

88 млн. теңге: Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық экстрадицияланды · Todayinfo