Todayinfo.kz
РегионыСмотреть все материалы

Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын 100 мың теңге айыппұл арқалады

Абай облысының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады T odayinfo агенттігі.  Полиция басқармасына Карменов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында терроризм актісі жоспарланғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полиция мен

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын 100 мың теңге айыппұл арқалады
Абай облысының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.  Полиция басқармасына Карменов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында терроризм актісі жоспарланғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полиция мен арнайы қызметтердің қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялап, тұрғылықты жерін мұқият тексерді. Нәтижесінде қауіпті заттар табылған жоқ. Біраз уақыттан кейін күдіктінің өзі де анықталды. Ол Семейдің 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болғандықтан, өзінің қоңырауының себебін жөнді түсіндіре алмады. Оның мас болғанын сараптама растады. Қазір ер адам арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 100 мың теңге айыппұл төйлейді.  

Похожие материалы

Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын 100 мың теңге айыппұл арқалады · Todayinfo