Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен актив жиналысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Ауд
Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен актив жиналысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформа елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам екені атап өтілді. Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған.
Отырысты ашқан аймақ басшысы конституциялық реформаның ел үшін стратегиялық маңызына тоқталып, бұл бастаманың мемлекет дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтынын атап өтті.
«Бүгін біз ел тағдыры үшін айрықша маңызы бар мәселені – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау үшін жиналып отырмыз. Конституциялық реформа дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін қатардағы заңға енгізіліп жатқан өзгерістер емес. Бұл – елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам. Президентіміздің алғаш қызметке кіріскен күнінен бері айтып келе жатқан Әділетті Қазақстан құру идеясы аз уақыттың ішінде нақты жүзеге асып келе жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңізге мәлім, жуырда Президентіміздің Жарлығымен құрылған Конституциялық комиссия өнімді жұмыс істеді. Мемлекеттік кеңесші алғашқы отырыста комиссияны осыған дейін жарты жылға жуық уақыт бойы белсенді жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін айрықша атап өтті», – деді облыс әкімі.
Конституциялық комиссияның құрамына Абай облысынан облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков өкіл ретінде енген болатын. Жиында Шалқар Байбеков пен Мейрамхат Айнабеков сөз сөйлеп, комиссияда талқыланған негізгі бағыттар мен өзекті мәселелерге тоқталды.
«Жаңа Ата Заң жобасы – бұл тек құқықтық құжат емес, жаңа қоғамдық келісімнің негізі. Оның тағдырын еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда шешеді», - деді Шалқар Байбеков.
Похожие материалы

Абайская область
В Абайской области усилена готовность к чрезвычайным ситуациям – открыт новый пожарный пост
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Более 5 тысяч жителей Абайской области приняли участие в телемосте в рамках программы «Таза Қазақстан»
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
В Семее впервые 685 домов получили горячую воду
Жаннұр Еділбаева·

Абайская область
Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды
Жаннұр Еділбаева·