Абылай Мырзахметовке қатысты сот өтіп жатыр
Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді. Істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева прокурордың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Halyq Un i тілшісі сот залынан. 2024 жылдың 22 қаңтарында Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы

Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді. Істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева прокурордың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі сот залынан.
2024 жылдың 22 қаңтарында Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот талқылауы басталды.
Абылай Мырзахметовке қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігі (пара беруге көндіру), 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша айып тағылған.
Бұған дейін сот залында фото-видео түсіруге тыйым салынды.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі жабық режимде өткізуді сұраған еді.
Тараптар прокурордың өтінішхатына қарсылық білдірмеді.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абылай Мырзахметовті 2023 жылдың 11 мамырында ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген болатын.
Содан кейін 2018-2019 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Нұржан Әлтаев делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам қаражат алды деп айыпталды. Ол сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Todayinfo.kz
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·