«Әкесі кәлима үйретемін деп ұрып-соқты»: Оралда тілі шықпаған 5 жасар баланың анасы дабыл қақты
Орал қаласында анасы 5 жастағы баласының сөйлемей қалғанын бұрынғы күйеуінің «кәлима үйретемін» деген сылтаумен жүйелі түрде ұрып-соғуымен байланыстырып, дабыл қақты, деп хабарлайды todayinfo.kz Әйел адамның жазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Айтуынша, бала қазіргі кезде диагн

Орал қаласында анасы 5 жастағы баласының сөйлемей қалғанын бұрынғы күйеуінің «кәлима үйретемін» деген сылтаумен жүйелі түрде ұрып-соғуымен байланыстырып, дабыл қақты, деп хабарлайды todayinfo.kz
Әйел адамның жазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Айтуынша, бала қазіргі кезде диагнозбен ем қабылдап жүр, өзі жалғыз өсіріп, халық көмегімен емдетіп келеді.
Автордың сөзінше, бұрынғы күйеуі бұған дейін де күш көрсеткен. Таңға дейін соққыға жығылып, полициямен ауруханаға жеткізілгенін айтады. Сонымен бірге, ер адамды Оралдағы діндарлар «қайырымдылықпен айналысатын» ретінде танитынын, алайда сотта ол өзін жұмыссыз ретінде көрсетіп, баласына алимент төлеуден жалтаруға тырысқанын жеткізеді. Анасының айтуынша, іс Орал қаласында қаралған.
Бұл деректер әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ. Полиция мен қамқоршылық органдарынан пікір алу мүмкін болмады. Оқиғаға қатысы бар тараптардың барлығының да уәжін тыңдау маңызды.
Фото: Sn.kz
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·